KYZYLZHAR LEGEND OF KAZAKHSTAN

KYZYLZHAR — Қазақстандық қонақжайлықтың символы.

KYZYLZHAR рецептурасы 1996 жылы ел басшылығының тапсырмасымен, Қазақстанның кең пейілділігі мен қонақжайлығын бейнелеу мақсатында үздік арақ шеберлері тарапынан әзірленген.

Арақтың құрамында экологиялық таза ингредиенттер бар: жоғары сапалы «Альфа» класты спирт, бал, бидай жармасы мен сұлы үлпектерінің тұнбалары.
Көмір арқылы қос каскадты сүзгілеу сусынға кристалдай тазалық пен жарқыл сыйлайды, ал 90 күндік купаждау мен тынықтыру оған ерекше дәм мен үйлесім береді.

Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ, ұлы да байтақ даласы өз қойнауында талай сыр мен аңыздарды сақтап келеді. Осы алтын құмдар мен жасыл жайлаулардың арасында қонақжай халқы — қазақтар өмір сүреді. Олардың кеңпейілдігі мен жомарттығы туған жерінің шекарасынан әлдеқайда асып, әлемге танымал.

Бұл қасиет қазақ халқының ежелден көшпелі өмір салтын ұстанғанымен байланысты. Олар өздерін «номадтар» — көшпенділер деп атаған. Себебі жолда жүрген адам екінші жолаушының жағдайын бәрінен жақсы түсінеді. Сол себептен қазақтар әрбір қонақты — шақырылған не кездейсоқ келгенін — өз туғанындай жылы жүзбен, шын көңілмен қарсы алады. Үйдің төрін ұсынып, ең дәмді ас пен сусындарын береді. Дастархан басында әзіл мен күлкі естіледі, адамдардың көздерінен мейірім мен қамқорлық байқалады.

Қазақтар әрбір қонақ үйге бақыт пен береке әкеледі деп сенеді. Сондықтан олар келген адам өзін өз үйіндегідей жайлы сезінуі үшін барын салады. Қонақ риза болса болғаны — соңғы нанын, соңғы қымызын бөлісуге дайын.

Қазақтың қонақжайлығы — жай ғана дәстүр емес, өмір сүру салты. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өз маңызын жоғалтпай келеді. Бір рет болсын қазақ жерінде қонақ болған адам бұл халықтың кең пейілін, мейірімін ешқашан ұмытпайды.

Көшпенділер табиғатпен сондай үйлесімді өмір сүрді, тіпті оның бір бөлігіне айналды. Оларды алға жетелеген — жаңа дүниені тануға, жақсыны үйреніп, соны әлеммен бөлісуге деген ұмтылыс еді. Шексіз әлемді қабылдау, жаңалыққа ашық болу, табиғатты құрметтеу, әр адамның даралығын бағалау — осының бәрі қазіргі нео-номадтардың да басты құндылықтары. Бүгінгі номадтар үшін бастысы — қарым-қатынастың сапасы, ал саны — екінші орында.

KYZYLZHAR өз бойына осының бәрін — көшпенділердің рухын, қонақжайлық пен кеңпейілдікті сіңіріп, аңызға айналған өнімге айналды.

KYZYLZHAR – ҚАЗАҚ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ РЕСМИ СУСЫНЫ.

Scroll to Top