KYZYLZHAR GRAND PREMIUM

Арнайы рецептура «Альфа» класты солод спирті, жер қойнауынан алынған табиғи бастапқы су және қосымша оттегімен байыту үйлесімінде жатыр. Осы арқылы сусын премиум сапаға, барқыттай жұмсақтыққа және мінсіздікке ие болады.

Қазақстанның ұшы-қиырсыз, кең әрі асқақ далалары өзінде талай сыр мен аңызды сақтап келеді. Алтын құмдар мен жасыл жайлаулар арасында қонақжай халық – қазақтар өмір сүреді. Олардың кеңпейілдігі мен жомарттығы туған елінен тыс жерлерде де танымал.

Бұл – бекер емес. Ерте заманнан қазақтар көшпенді өмір салтын ұстанып, өздерін номадтар деп атаған. Жолаушыны ең жақсы түсінетін адам – өзі де жолаушы. Сол себепті қазақтар кез келген қонақты, шақырылған не кездейсоқ болсын, өз бауырыдай қарсы алады – шын ниетпен, қуаныш пен құрметпен. Ең жақсы орынды ұсынып, дәмді тағамдар мен сусындармен сыйлайды. Дастархан басында күлкі мен әзіл естіледі, ал адамдардың көздерінен жылулық пен қамқорлық көрініс табады.

Қазақ халқы әрбір қонақ бақыт пен береке әкеледі деп сенеді. Сол себепті олар келген адам өз үйіндегідей сезінсін деп барын салады. Тіпті соңғы нанын немесе бір кесе қымызын бөлісуге дайын – тек қонақ риза болса болғаны.

Қазақ қонақжайлығы – бұл жай ғана дәстүр емес, өмір салты. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өз құндылығын сақтап келеді. Қазақ жеріне келген әрбір адам осы мейірім мен кеңпейілдікті өмір бойы ұмытпайды.

Бабаларымыз табиғатпен соншалық үйлесімде өмір сүрген, тіпті оның бір бөлігіне айналған. Оларды алға жетелеген – жаңа білімге ұмтылыс, ең жақсысын алып, онымен әлеммен бөлісу ниеті. Шексіз әлемді түсіну, жаңашылдыққа ашық болу, табиғатқа ұқыптылық пен өзге адамның ерекшелігін құрметтеу – қазіргі нео-номадтардың да негізгі құндылықтары. Олар үшін ең бастысы – қатынастардың сапасы, саны емес.

KYZYLZHAR GRAND PREMIUM осы қағидаттар мен құндылықтарды бойына сіңіріп, аңызға айналған өнімге айналды.

KYZYLZHAR GRAND PREMIUM – ҚАЗАҚ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ РЕСМИ СУСЫНЫ.

Scroll to Top