GODUNOFF арағының өндірісі 1599 жылғы рецептке негізделген.
Бұл рецепт Ресей тарихындағы тұңғыш сайланған патша – Борис Годуновтың билік құрған дәуірінде жасалған. Ол орталық билікті күшейтіп, басқару жүйесін жетілдіруге, білім мен мәдениетті дамытуға зор үлес қосқан тұлға болатын. Дәл оның тұсында Ресейдегі алғашқы жоғары оқу орны – Славян-грек-латын академиясы құрылды. Сондай-ақ, Годунов Речь Посполитамен және Швециямен бейбіт келісімдерге қол жеткізіп, өз билігінің бас кезінде елді ірі соғыстардан қорғап қалды.
Патшалық дастархандар – бұл тек ас ішу емес, салтанатты, әлеуметтік және саяси мәні зор оқиғалар еді. Мұндай қабылдаулар сән-салтанатпен безендірілген сарай залдарында өтетін, үстелдер асыл тастармен, гобелендермен және өнер туындыларымен көмкерілген. Қонақтар жібек, барқыт, алтын мен күміспен көмкерілген киімдерін киіп, патшалық салтанаттың ажарын арттыратын.
Дастархан мәзірі әртүрлі әрі ерекше болатын: аңшылықтан алынған ет тағамдары, балық, экзотикалық дәмдер мен сол кездегі қарапайым халыққа қолжетімсіз дәмдеуіштер. Музыканттар мен бишілердің өнер көрсетуі, театрландырылған қойылымдар мен маскарадтар – мұның бәрі патша сарайындағы өмірдің айнымас бөлігі еді.
Осындай қабылдауларда ерекше сусын қажет болатын – жай бал немесе шарап мұндай мәртебеге сай келмейтін. Сол кездері Ресейде алғаш рет монахтар дистилляция әдісі арқылы спирт ала бастаған, ал біз бұл ежелгі дәстүрді заманауи технологиялармен үйлестірдік.
Иондық сүзгілеу мен суық айдау тәсілдерін енгізе отырып, біз мінсіз жұмсақтық пен кристалдай тазалыққа ие сусын — GODUNOFF арағын жасадық.
Солай болсын!








