Қазақстанның кең де ұшы-қиырсыз даласы — тылсым сырлар мен аңыздарға толы. Алтын құм мен жасыл жайлаулардың арасында қонақжай халық — қазақтар өмір сүреді. Олардың кеңпейілдігі мен жомарттығы туған елінен тыс жерлерде де мәлім.
Бұл бекер емес. Ежелден қазақтар көшпенді өмір салтын ұстанып, өздерін номадтар деп атаған. Жолаушыны ең жақсы түсінетін адам — тағы бір жолаушы. Сол себепті қазақтар әр қонақты, шақырылған болсын немесе кездейсоқ болсын, өз бауырындай қарсы алады — шынайы қуаныш пен құрметпен. Үйдегі ең жақсы орынды ұсынып, дәмді тағамдар мен сусындармен сыйлайды. Дастархан басында күлкі мен әзіл естіледі, адамдардың көздерінен жылулық пен мейірім сезіледі.
Қазақ халқы әрбір қонақ бақыт пен береке әкеледі деп сенеді. Сол себепті олар келген адам өз үйіндегідей сезінсін деп барын салады. Соңғы нанын немесе бір кесе қымызын бөлісуге де дайын — тек қонақ риза болса болғаны.
Қазақ қонақжайлығы — жай ғана дәстүр емес, бұл — өмір салты. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өз құндылығын жоғалтпай келеді. Қазақ еліне келген әрбір адам осы мейірімділік пен кеңпейілдікті ұмытпайды.
Ежелгі номадтар табиғатпен соншалық үйлесімде өмір сүрген, тіпті оның бір бөлігіне айналған. Олар әлемді танып-білуге, ең жақсысын алуға және соны әлеммен бөлісуге ұмтылды. Табиғатқа ұқыптылық, жаңашылдыққа ашықтық және өзгеше болуға құрмет көрсету — қазіргі нео-номадтардың да басты құндылықтары. Олар үшін бастысы — қарым-қатынастың сапасы, саны емес.
KYZYLZHAR осы құндылықтар мен қағидаларды бойына сіңіріп, аңызға айналған өнімге айналды.
KYZYLZHAR – ҚАЗАҚ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ РЕСМИ СУСЫНЫ.








