TURAN СУЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЗЕРТТЕЛГЕН ЖӘНЕ ӘЛІ ДЕ ЗЕРТТЕЛУДЕ:
- «Көкшетауминводы» АҚ өндірістік зертханасы
- У.М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты, Алматы қ.
- ҚР ДСМ ТКҚСБК «Ұлттық сараптама орталығының» Ақмола облысы филиалы
- Украин медициналық қалпына келтіру және курортология ғылыми-зерттеу институты, Одесса қ.
- SGS Institut Fresenius GmbH, Германия
- Мәскеу облысындағы стандарттау, метрология және сынау мемлекеттік орталығының Сергиев-Посад филиалы
TURAN суы жыл сайын халықаралық дәмдік байқаулар мен көрмелерге қатысады.
2017–2019 жылдары қатарынан үш жыл бойы TURAN суы Брюссель қаласында өткен Monde Selectionхалықаралық сапа сараптамасында Еуропаның үздік суы деп танылды.
Monde Selection — өнім сапасын бағалайтын әлемге әйгілі 80-нен астам сарапшыны біріктіреді.
TURAN — БІРЕГЕЙЛІК:
- Табиғи минералды су – өндіріс кезінде табиғи қасиеттерін толық сақтайды.
- Физиологиялық толық су – адамның ағзасындағы негізгі жүйелердің жұмысын қалыпқа келтіреді.
- Жеңіл су – дейтерий мөлшері төмен (133 ppm).
- Идеалды pH балансы – қышқыл-сілтілік тепе-теңдік 7,5 г/л.
ПРЕМИУМ САПА
- Су өндіру және құюдың заманауи технологиялары.
- Жоғары сапалы шикізат және бастапқы пластикті пайдалану.
- Судың жоғары тазалығы.
ЭКОЛОГИЯ
- Суды өндірудің экологиялық таза аймағы – Құсқөл кен орны Көкшетау ұлттық паркінің аумағында орналасқан.
- Ұңғыма тереңдігі – 56 метр, бұл судың антропогендік әсерден қорғалуын қамтамасыз етеді.
- Су өндірісі – кері осмос пен жасанды минералдандырусыз.
КӨП ЖЫЛДЫҚ ТАРИХ
- TURAN бренді 1996 жылдан бері нарықта (20 жылдан астам тарихы бар).
- TURAN атауы – темір дәуірінде Орталық Азияда гүлденген ежелгі қуатты мемлекеттің құрметіне, ҚР Құрметті академигі Б.У. Абдурахимовтың ұсынысымен берілген.
ОЗОНМЕН ӨҢДЕУ
Өндіріс процесінде су озондау технологиясымен өңделеді.
Ультракүлгін және кері осмос сияқты әдістермен салыстырғанда, озондау судың табиғи минерал құрамын және табиғи қасиеттерін барынша сақтайды.
Табиғи минералдар құрамы — табиғи байлық
- Натрий – ағзадағы су-тұз балансын және қан айналымын реттейді, жүйке-бұлшықет қозуын қамтамасыз етеді.
- Кальций – сүйектер мен тістерді нығайтады, жүрек пен бұлшықет жұмысына әсер етеді, иммунитетті арттырады.
- Магний – биохимиялық және физиологиялық процестерді реттейді, холестеринді төмендетеді, жүйке жүйесін тыныштандырады.
- Гидрокарбонаттар – қышқыл-сілті тепе-теңдігін ұстап тұрады, асқазанның секрециялық қызметін ынталандырады.
- Фтор – тіс кариесін болдырмайды, тіс эмалін және сүйектерді нығайтады, шаш пен тырнақтың өсуін қалыпқа келтіреді.
- Йод – қалқанша безі гормондарының құрамына кіреді; жетіспеушілігі зоб пен дамудың бұзылыстарына, артық мөлшері гипертиреозға әкелуі мүмкін.






