Петропавл арақ зауытының өнімдері Польшаға экспортталады

Польшаға Қазақстандық алкогольдерді экспорттауға келісім орнатылды.

ЖШС «Петропавл арақ фабрикасы» өндірген арақтарды, енді Польшадағы дүкен сөрелерінен табуға болады. Өнімді экспорттау Global Beverages экспорт бөлімінің жұмысының және Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегінің арқасында мүмкін болды.

2022 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның экономикалық мүдделерін ілгерілету және экспорттық әлеуетін дамыту, сондай-ақ халықаралық сауданы ілгерілету мақсатында Елшілік мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар мен басқа да дипломатиялық өкілдіктердің қатысуымен қазақстандық және поляк бизнес өкілдерін қабылдауды ұйымдастырды.

Жиында арақ дәмін татып көру ұйымдастырылып, шараға келген қонақтардан көптеген оң пікірлер ала отырып, қорытындылай, «Қызылжар» арағының ерекше ұнағанын есепке алдық.

Кездесу серіктестік орнатуға қолайлы мүмкіндіктер туғызды, нәтижесінде Global Beverages Польшаға арақ жеткізуге келісті.